Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы нұсқамаларды өңдеу кезінде «Toyota Vellfire» маркалы автокөлігін анықтады.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын азамат болып шықты. Соңғы екі ай ішінде ол Жамбыл облысында жылдамдық режимін 89 рет бұзып, жалпы сомасы 4,6 миллион теңге айыппұлға ие болған.
Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында бұл көлік анықталып, облыс орталығының көшелерінде тоқтатылды. Қазіргі уақытта автокөлік барлық айыппұлы толық төленгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды, — делінген мәліметте.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...