Бүгін Алматы қаласында Жазушылар одағында Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарды жұрт ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Қоштасу рәсімі Дүниежүзілік кино күніне тұспа-тұс келді.
Марқұммен қоштасу барысында сөз сөйлеген актёр әрі кинорежиссёр Болат Ғалымбетов бала күннен бірге өскен досының көкейінде орындалмай қалған армандары болғанын айтты. Ол Нұрлан Сегізбаевтың шығармашылығына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбегеніне іштей қынжылғанын жасырмады.
«Жасыратын несі бар?! Бізге кішкене ренжіді ғой. Себебі оған дұрыс көңіл бөлінген жоқ. Керемет-керемет сценарийлары іске аспай қалды. Ол өзінің өмірінің аз қалғанын сезді. “Маған қашан мүмкіндік береді?” дейтін. Сосын өзім де кино түсіре алмай жүргенімді айтатынмын», — деді ол.
Айта кетейік, Нұрлан Санжар желтоқсан айының басында ғана Жазушылар одағына мүше ретінде кірген болатын. Бұл жайлы ол шәкірттеріне:
«Жастық шақта қосылу керек еді. Қазір денсаулық керек. Біздің өмір қайғылы», — деп соңғы хаттарында жазған.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-