
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев сенат кулуарында оңтүстік өңір тұрғындарының сиыр етінің күрт қымбаттағаны туралы шағымына қатысты пікір білдірді, KAZ.NUR.KZ.
Журналистер Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының тұрғындары сиыр етінің қымбаттағанына шағымданып жатқанын айтты.
"Біз Өзбекстанға ет экспорттаушы елміз. Жыл сайын Өзбекстанға 20 мың тоннаға жуық сиыр етін экспорттаймыз.
Бағаға келсек, ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың басынан бері сиыр еті бағасының индексі 8,4 пайызға, ал бір аптада баға 0,6 пайызға өсті. Жыл басынан бері 20 облыстың барлығында бағаның түрлі салада өскенін байқадық, біреуінде көп, біреуінде аз мөлшерде", — деді Қайрат Төребаев.
Спикердің айтуынша, Түркістан облысында, ресми статистика 3,1 пайыз өсімді көрсетіп отыр.
"Жалпы республика көлемінде ресми статистика бойынша баға – 2800 теңге", — деді вице-министр.
TOP
-
"Бір адамға - екі килограмм": Алматы әкімдігі тұрғындарға аула қоршауын сырлауға арналған бояуды тегін беріп жатыр
14.03 -
«Жабайылық деген осы»: Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады
14.03 -
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
"Қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық": Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді
14.03 -
-
-
-
-
-