Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Денис Никиша Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
29 жастағы қазақстандық шорт-трекші 500 метрлік қашықтықтың финалдық жарысында бақ сынады. Дәл осы қашықтық бойынша жарыста ол соңғы әлем чемпионатында күміс медальді жеңіп алған болатын.
Бүгінгі жарыста Денис Никиша 40,096 секунд уақытта мәреге жетіп, екінші орын алды. Канадалық Стивен Дюбуа алтын иеленді. Үздік үштікті голландиялық Йенс ван ‘т Ваут тұйықтады.
Қазақстан құрамасы үшін бұл Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бірінші және әлем чемпионаттары тарихындағы екінші жүлде.
Еске салайық, биылғы маусымда Никиша Харбиндегі Азия ойындарының эстафетасында да алтын мен күміс иеленген болатын.
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп ж ...
Шорт-тректен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалы ...