Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеме жасады.
Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде тасжолдар жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 5 наурыз сағат 13:30-да келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы: "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Атырау облысы: "Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) автожолының 337-517 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Доссор а.).
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, солтүстік және батыс а ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...