Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Бүгін, 16 наурызда Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар Мариновка ауылына кіреберіс жолға қарғын су жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазавтожол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, су басқан учаскенің жалпы ұзындығы шамамен 40 метр болады, ал тереңдігі – 10 см.
Бұл учаске Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақтағы Желқуар өзенінің (құрғақ арна) бойында орналасқан. Бұл учаскеде су тасқыны жыл сайын болып тұрады.
Аталған учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту белгілері қойылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2 арнайы техника және 3 маман жұмылдырылды. Әзірге жолмен көліктер жүірп жатыр, шектеу жоқ.
Айта кетейік, бұл жер бейтарап аумақта орналасқандықтан Ресеймен бірлесіп көпір салу жөнінде келіссөздер жүргізілген.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Қостанай облысының Федоров ауданында түнгі уақытта республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолы ...