Қарағанды облысында жолдар жабылды
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
БҚО Сырым ауданы Аралтөбе ауылының маңында, Жымпиты — Ақсай тасжолында салынған уақытша көпірді тасқын су шайып кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Бұл уақытша көпір былтыр негізгі көпірді жөндеуге байланысты салынған еді. Оны 15 наурызда Шідерті өзені көтерілген кезде су шайып кетті. Аралтөбе және Талдыбұлақ ауылдары тұрғындарының ауданмен байланысы үзіліп қалды.
Қаратөбе ауданының Ақтайсай ауылы да аудан орталығынан ажырап қалды. 15 наурыздан бастап еріген су жол арқылы өтіп жатыр.
Басылым мәліметінше, аудан орталығына апаратын осы қара жол жыл сайын су тасқыны кезінде шайылып кетеді, ал ауыл тұрғындары бір апта бойы су деңгейі түсіп, жол кепкенін күтуге мәжбүр.
Еске салайық, бұған дейін су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды. Қауіп орташа өңірлер қатарында БҚО бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Батыс Қазақстан облысында болған қатты боран салдарынан ауыл тұрғындары ауыр шығынға ұшырады, деп хабарлайды S ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. ...