Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, полициядан қашқан
Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, полицейлерден қашқан. Салдарынан төрт әкімшілік хаттама толтырылып, ...
Қазақстанда көлік нөмірлерінде қолдануға болмайтын әріптік комбинациялардың қатаң тізімі бар. Tengri Auto тыйым салынған мемлекеттік нөмірлер тізімі өзгерді ме және былтыр қанша қазақстандық осындай нөмір сатып алды деген сұраққа жауап іздеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, қазір елде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (МТНБ) үшін тыйым салынған 106 әріптік комбинация бар.
Бұл тізімге мына комбинациялар кіреді: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.
Бұл әріптік комбинациялар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімсіз, өйткені олардың айтылуы немесе жазылуы сөйлеу мәдениетіне сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, Қазақстанда "жоғары сұранысқа ие нөмірлер" категориясы бар. Бұл санатқа әдемі әріптік немесе сандық комбинациялары бар нөмірлер жатады. Мұндай нөмірлер көлік иелері арасында үлкен қызығушылық тудырады.
Жоғары сұранысқа ие нөмірлердің бағасы 210 330 теңгеден 1 051 650 теңгеге дейін жетеді. Ең қымбат нөмірлер қатарына мыналар кіреді: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777.
Жыл сайын осындай нөмірлерге деген қызығушылық артып келеді.
Ресми мәліметтер бойынша:
Осылайша екі жыл ішінде VIP-нөмірлер беру көлемі екі есеге жуық өскен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!