
Баян Мақсатқызы “Қазақ ару” байқауын ұйымдастыруына не түрткі болғанын түсіндірді
Бұл туралы ол Дана Нұржігітке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Неге қазақ тілді адамдар “Қазақ аруы” секілді жоба жасамайды? Осы сұраққа жауап беріңдерші. Мен бір сұлулық байқауында төрешілер қатарында болдым. Сонда қазақ қыздарының купальникпен сахнаға шыққаны менің намысама тиді. Ол жерде қазақ тілінде бірде-бір сөз айталмады. Қазақ дәстүрі туралы сұрақ қойылмады. Сонда мен мүлде бөлек, қазақы байқау жасау керегін түсіндім. Себебі, мен қазақпын. Қыздар ұлттық киім киетін, қазақтың салт-дәстүрі, әдебиеті, тарихы туралы сөз қозғайтын сұлулық байқауын ойлап таптым. Біздің 15 жылда жасаған жұмысымызға қараңдаршы. Байқауға қатысуды 8 жасынан бастап армандаған қыздар да келеді. Идеология дегеніміз осы. Ал, менің қазақша сөйлемейтінім менің осындай дүниелер жасауыма кедергі емес”, — дейді ол.
Сондай-ақ, продюсер дінге қатысты ойын да айтты.
”Мен діншіл адам емеспін. Бірақ құдайға қатты сенемін. Сондықтан мен тек құдайдан ғана қорқамын, және мен туралы құдайдың ғана ойы маңызды. Құдайға ғана толық ашыла аламын. Өмірде жаман дүниелерді де аз істеуге тырысамын. Алайда бұл турала айқайлап айтудың қажеті қанша? Мен дін туралы ештеңе айта алмаймын. Өйткені, ол өте нәзік тақырып. Бірақ өзімнің діншіл емес екенімді білемін, және соны түсінуге біраз уақытым кетті. Құдай мені әлемнің кез келген нүктесінен тыңдай алатынына сенімдімін. Сондай-ақ, құдайға менің орамал таққаным немесе тақпағаным маңызды емес. Құдайға менің іс-әрекетім мен ниетім ғана маңызды. Сол үшін де Құдайдан қорқатын адаммын “, — дейді ол.
TOP
-
"Бұл – айтулы жетістік!": Тоқаев бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайды құттықтады
17.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Переход к более ответственному перед обществом государству: Политолог о реформах Касым-Жомарта Токаева
17.03 -
-