• 18-03-2025

Алматыда автотұрақ бағасы қалай өзгереді

Алматыда биыл автотұрақ бағасы қымбаттайды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл жазғы уақыттан бастап автотұрақтардың бағасы айтарлықтай көтеріледі. Бұл барлық ірі қалалар секілді көліктерді шектеу үшін қажет. Одан бөлек қаланы ауаны ластайтын шығындылар аз болуы тиіс аймақтарға бөлеміз, — деді шаһар басшысы.

Осы орайда, Kazinform агенттігі қалалық мобильділік басқармасына қарасты «Алматы паркинг» мекемесіне тұрақ бағасы қаншалықты қымбаттайтынын сұрап, сауал жолдады.

Қазір қаладағы әртүрлі аудандарда тұрақ құнын өзгерту мәселесін қоса алғанда, тұрақ орындарын ұйымдастыру мәселесі пысықтау сатысында. Бұл шаралар кешенді жұмысты қажет етеді, — делінген мекеме жауабында.

Сондай-ақ «Алматы паркинг» қабылданған шешім туралы қосымша ақпарат жарияланатынын хабарлады.