Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Ақмола облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды.
Бүгін Көкшетаудағы Қопа көлінде, Қылшақты өзенінің сағасына жақын жерінде мұз жару жұмысы жүргізілді. Бұл қарғын судың кедергісіз көлге құюы үшін жасалуда. Демалыс күндері дәл осындай жұмыстар Атбасар, Аршалы, Жарқайың, Шортанды және Бұланды аудандарында атқарылды. Нәтижесінде су айдындарындағы 13 мың шаршы метр аумақта мұз ойылды. Оған екі мың келіге жуық жарылғыш зат пайдаланылған.
Ерсайын Қойшыбаев, Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
Мұз жару жұмыстарымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Көктемге дайындық» акциясы өтуде. Оның аясында жалғызбасты зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтарының ауласын қардан тазаладық. Одан қалды жергілікті атқарушы орган өкілдерінің ұйымдастыруымен арықтар мен өзге де су өткізу жүйелері қар мен қоқыстан тазартылуда.
Бибінұр Әмірханқызы
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...