Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсізді ...
Астанада Музыкалық жас көрермен театрында табысқан он алтыншы жұп шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Театрдың баспасөз қызметінің мәліметінше, театрда отбасын құрған 15 жұп бар. Ал бүгін – "Шаңырақ күні" театрда табысқан 16-жұп Айдос Амандық пен Айдана Болаттың некесі қиылған.
Жас жұбайлардың қуанышына қазақтың Қыз Жібегі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Меруерт Өтекешева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат пен Света Айтбаевтар және Астана қаласы, Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, белгілі дінтанушы-ғалым Нұрлан Байжігітұлы келген.
"Мәртебелі қонақтарымыз жастарға жүрекжарды лебізін білдіріп, бір-біріне деген іңкәр сезімдерінің мәңгілік болуын, ел мен жұрттың тек алғысын алуды, өмір жолында аспандары ашық болуын тіледі", — делінген хабарламада.
Неке қию рәсімі кезінде, ән шырқалып, жыр оқылып, жас отбасыға әдемі ақ тілектер айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» (@muztheatre.kz)
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсізді ...
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған авиациялық оқу орталықтары Еуропалық ұшулар қауіпсіздігі агенттігі (EASA) белгілей ...
Астанада Cinema city кинотеатрының ғимараты өртенді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ТЖМ мәліметінше ...