ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы туралы баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Президентке 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құрағаны жөнінде мәлімет берілді.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарына "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар енеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында жүргізілген шаралар туралы ақпарат берілді. Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған. Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан.
Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыруға айрықша мән беру қажет.
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Алматыда мегаполистің 2040 жылға дейінгі дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты — қаланың Бас жоспарын түз ...
Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес шаралардың әсерін ешкім есептемейді және бақыламайды. Бұл туралы Жоғары ау ...