АҚШ-та алғаш рет мерекелік сауда көлемі $1 трлн жеткелі тұр
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамырда мерекелерге орай демалыс күндері ауыстырыла ма деген сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қолданыстағы күнтізбеге сәйкес мамырда қазақстандықтарға қосымша үш демалыс беріледі:
7-9 мамыр аралығында бір жұмыс күні бар (бейсенбі, 8 мамыр), одан кейін бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 9-11 мамыр аралығында қатарынан үш күн демалады.
Министрлік демалыс күні 8 мамырға ауыса ма деген сауалға жауап берді.
Ведомство демалыс күндерін ауыстыру соңғы рет 2024 жылғы 21 қарашада бекітілгенін және ол тек қаңтардағы мерекеге қатысты болғанын нақтылады.
"Осыған орай 2025 жылы басқа демалыс күндерін ауыстыру жоспарланып отырған жоқ", — деп жазылған жауапта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...
Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді ...
Тәуелсіздік — баға жетпес құндылық. Егемендік жолында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын ...