«Салмақ қосып, беті толысқан»: Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды (ФОТО)
Адвокат Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы жөнінде ақпарат берді, деп хабарла ...
Алматыдағы ең көне перзентхана медициналық көмектің сапасы бойынша еліміздегі үздік мекеме деп танылды.
№2 Алматы қалалық перинаталдық орталығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары арасында перзентханалар мен перинаталдық орталықтар рейтингінде бірінші орынды иеленді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Рейтингті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми орталығы "Денсаулық сақтауды реформалауды әдіснамалық қолдау" мемлекеттік тапсырмасы аясында жүргізді. Бағалау барысында 14 клиникалық индикатор, аккредиттелген медициналық ұйымдардың мәліметтері, сондай-ақ науқастардың шағымдары сияқты көрсеткіштер ескерілді.
№2 қалалық перинаталдық орталық медициналық көмектің жоғары сапасын көрсетіп қана қоймай, пациенттерді қабылдау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлгілі мекеме атанды. Жыл сайын орталық 10 мыңға жуық пациентті қабылдап, медициналық қызмет сапасын арттыру үшін триаж жүйесін қолданады.
2023 жылы мұнда 5 мыңнан астам босандыру, 1000-нан аса операция жасалып, мерзімінен бұрын туған сәбилерге де сапалы күтім көрсетілді. Перинаталдық орталықта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары сәтті енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар қолданылды. Соның нәтижесінде жаңа туған нәрестелер арасындағы аурушаңдық пен өлім-жітім көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді.
Орталық "Ана мен балаға достық қарым-қатынас" атағына ие болып, еліміздегі перинаталдық көмектің дамуына үлес қосып келеді.
Адвокат Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығы жөнінде ақпарат берді, деп хабарла ...
«Almaty Azamattyq Alliance» қауымдастығы Тұрақты даму мақсатының орындалуын бақылауға бағытталған әлеуметтік жобан ...
« Алматыда қар көшкінінен 1 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін түстен кейін Талғар тауының сілеміндегі «К ...