Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Олардың 70%-ы – жеке кәсіпкерлер.
Қазақстандағы креативті секторларда 143 600 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінгі таңда Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт бойынша дамып, 43 экономикалық қызмет түрін қамтиды. Елімізде креативті индустриямен айналысатын тіркелген субъектілер саны 45 597, ал олардың ел экономикасындағы жалпы қосылған құн үлесі 1% құрайды. Креативті индустрия субъектілерінің 50%-дан астамы Алматы мен Астанада шоғырланған, ал олардың 70%-ын жеке кәсіпкерлер құрайды. Бағыттар бойынша ең көп шағын және орта бизнес субъектілері "халықтық кәсіпшілік" бағытына тиесілі – 12 660", — деді министр Үкімет отырысында.
Аида Балаеваның ақпаратына сүйенсек, қолөнершілер саны бойынша Алматы (1 976), Астана (1 349), Шымкент (1 254), Түркістан облысы (969) көш бастап тұр. Сонымен қатар, ЖШС-лардың 40%-ы IT саласына тиесілі.
Қазіргі кезде Қазақстандағы креативті секторларда 143 600 адам жұмыспен қамтылған. Ең көп еңбек ететін салалар: IT, сәулет өнері және сән, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, халықтық кәсіпшілік.
"2024 жылдың ақпан айынан бастап креативті кәсіпкерлерге арналған қолдау шаралары кешені аясында оларға бөлшек салықтың арнайы салық режимі енгізілді. Бұл жүйе іске қосылғаннан кейін 1 жыл ішінде креативті индустрия субъектілерінің саны 15%-ға артты, жұмыспен қамтылғандар саны 15%-ға өсті. Оған қоса, 2024 жылғы Global Innovation Index (Жаһандық инновация индексі) нәтижелері бойынша "Креативті тауарлар мен қызметтер" көрсеткішінде Қазақстан 93-орыннан 65-орынға көтерілді. "Ұлттық фильмдер өндірісі" көрсеткіші бойынша Қазақстан 60-орыннан 31-орынға жоғарылады", — деді ведомство басшысы.
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Бас шаһарды кешенді дамыту мәселесі үкіметтің жіті назарында. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ...