Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Осылайша еліміздің мәдени мұрасы бүкіл әлемге қолжетімді бола түседі .
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан музейлерінің виртуалды желісін іске қосу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биыл Қазақстан музейлерінің виртуалды желісін – "E-Museum" веб-порталын іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа платформа визуалды және интерактивті технологияларды пайдалана отырып, еліміздің мәдени мұрасын бүкіл әлемге қолжетімді етуді көздейді", — деді министр Үкімет отырысында.
Ведомство порталдың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
"3D-модельдеу технологиялары енгізіледі. Кез келген елден пайдаланушылар Қазақстанның мәдени мұрасымен таныса алады. Қазақстанның Мемлекеттік музей қорының каталогын жүйелі түрде электронды форматта жүргізу қамтамасыз етіледі. Бұл жоба аясында еліміздегі барлық музейлерден ақпаратты сапалы және толық жинау жүргізіледі, озық әлемдік тәжірибе негізінде музей қорының цифрлық платформасы жасалады", — деді Аида Балаева.
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Бас шаһарды кешенді дамыту мәселесі үкіметтің жіті назарында. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ...