• 18-03-2025

"Жетістікке жеткен адамды көре алмаймыз": Актриса Зарина Кәрмен бәле іздейтін адамдардың тым көбейіп кеткенін мәлімдеді

Танымал актриса Зарина Кәрмен қоғамда жетістікке жеткен адамды көре алмау белең алып бара жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол «Айтарым бар» подкастында айтып берді.

«Бұрындары айта беретінмін, анау-мынау жаман деп, қазір мен ойлаймын бәрінің жаман болуы мүмкін емес. Сен өзің жамансың. Егер сен біреудің жамандығын көрсең, ол сенің ішіңде бар жамандық. Өйткені айналам ол менің айнам. Мен әлемді өзімдей көремін.

Мен өзімде не бар, әлемді де солай көремін. Менің ішімде не бар, мен әлемді де солай көремін. Егер менің ішім жақсы болатын болса, мейірімге, махаббатқа толы болатын болса, мен бүкіл адамды жақсы көріп тұрамын. Ал егер ашу-ыза, жетпеген жетістіктер, шықпаған нәрселер бар болатын болса, әрине мен жетістікке жеткен адамды ешқашан оның өз еңбегімен жеткенін көрмеймін.

Әкесі, шешесі бар оның, әрине ол сүйтті, бүйтті деп, қаралаймын, ол керек емес нәрсе. Орыстар жақсы айтады: «Победителей не судят». Егер ол сол биіктікте, сол шыңда тұрса, оған қуан және егер сол шыңға жеткің келсе, әрекет ет. Болды басқа ештеңе жоқ», — деп ағынан жарылды актриса.