Қасым-Жомарт Тоқаев жол апаттарының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізгенін жазды.
Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасады.
Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды.
Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырды.
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралай ...
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті. Ордалы отыр ...