Саида Мирзиёева Алматыда балет қойылымын тамашалады
Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева Алматыда арнайы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттіг ...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен жүздесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын талқылады. Мәдениет және өнер саласындағы ықпалдастықты тереңдету әрі тәжірибе алмасу мәселелеріне баса назар аударылды.
Ерлан Қарин Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістер, соның ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен IV отырысында көтерген жаңа бастамалары туралы айтты.
Жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ерлан Қарин мен Саида Мирзиёева Ә. Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік опера және балет Үлкен театрының «Лазги. Танец души и любви» атты қойылымын тамашалады. Сонымен қатар суретші Орал Таңсықбаевтың кескіндемелік және графикалық жұмыстарының көрмесі өтеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева Алматыда арнайы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттіг ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, — деп ха ...
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының ...