Жұмыссыздар МӘМС бойынша емделе алады
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Жұмыссыздар да енді МӘМС бойынша емделе алады. ...
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі денсаулығы аяқ асты сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды.
Өнер иесі тіпті баласының туған күнін атап өтуге келе алмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің денсаулығы сыр бергенін оның желідегі парақшасында хабарланған. Өнер иесі тіпті, жағдайының күрт нашарлауының салдарынан алдағы күндері Астанада болатын концертінен бас тартқан көрінеді.
«Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айындағы ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын. Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісім шартқа отырып қоя алмайтыны мәлім.
Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік ! Адамның айтқаны емес , Алланың айтқаны болады деген.
Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар жақсыларым! Бұлттың артыннан, күн шығары анық қой, ауырмаңыздар», — деп жазылған желіде.
Әншінің ауруханаға түскенін оның қарындасы Дина Төреәлі де растады. Ол Астанадан Алматыға ағасының жағдайын білуге арнайы келген.
«Ағамның жағдайын білуге аяқ асты ұшып келдік. Алматыға қона салып жүрегім орнына түсті. Бірақ қандай күйде жеткенімді бір Алла біледі. Аманшылық болсын тек», — деп жазды ол.
Сонымен бірге Төреғали Төреәлі мен оның жұбайы ұлдарының туған күні де келе алмаған. Әзірге әншінің денсаулығына қатысты қандай да бір ақпарат жоқ.
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Жұмыссыздар да енді МӘМС бойынша емделе алады. ...
Танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі қиын жағдайға тап болғанын айт ...
Скрининг белгілі бір жас тобына кіретін, бірақ бақылауда тұрмайтын халықтың созылмалы ауруын, т.с.с. мәселелер ...