Қарағандыда этно-заманауи стильдегі киім үлгілері көрсетілді
Ұлттық нақыштағы сәнді ұлықтаған «Nauryz Fashion» фестиваліне Қарағанды, Алматы және Астана қалаларынан келген бір ...
Таразда қазақ ою-өрнегін әлемге танытып жүрген дизайнер тұрады. Айдархан Қалиев – сан ғасырлық тарихы бар өрнектерді замануи киімге салып жаңғыртып жүрген шебер.
Айдархан Қалиев 40 жылға жуық ғұмырын киім тігуге арнаған. Ол тігін саласына 1987 жылы келді. Сөйтіп тәуелсіздік алған жылдары алғаш ұлттық киімдерді пішіп сатқан. Бүгінде заман талабына сай сырт киім мен тақия, көкірекшелерді нео-фольклор стилінде тігеді.
Айдархан Қалиев, дизайнер:
-Алғашқы мақсатымыз дайындаған киімдер қолжетімді болу керек. Салынған ою пішілген пішімдері және тігілген бәрі сапасы жоғары болу керек. Оның бәрі оңаймен келмейді. Бұл 40 жылдық жұмыс. Ілгері киім болсын, күнделікті киім болсын, қазіргі заманауи киім болсын, бірақ өзіміздің киімімізде ұлттық нақыштағы бір элементтер не болмаса бір нақыштар болу керек.
«Жүннен бұйым жасауға шикізат тапшы»,– шебер. Сондықтан жіптен тоқылған гобелен матасын Қытайдың Шанхай қаласынан арнайы тапсырыспен тоқытып алдырады. Әр киімге ою-өрнек таңдамас бұрын, оның шығу тарихымен танысады. Тек содан соң мағынасына қарай қолданады. Ал маман даярлау үшін өзі арнайы колледж ашқан. Қазір ол жерден білім алған жастар әлемдік сән апталықтарына қатысып жүр. Шебердің тігін цехында жұмыс істейтіндері де бар.
Меруерт Мәжібай, колледж мұғалімі:
-Жақында бізде Милан қаласында апталық болды. Біздің студенттер 4-курстың сол жаққа барып, ұлттық киімдерін нақыштап көрсетіп келді. Біздің осы колледжде қаншама қазақи, заманауи киімдер тігіп, шапандар тігеді, қазақи жилеткалар тігеді, барлығын үйреніп, осы жерден білім алып отыр.
«Ұлттық киімді тек мерекеде емес, күнделікті кию қажет»,– дейді шебер. «Ол үшін ыңғайлы, заман талабына сай болуы қажет екенін студенттерімен үнемі айтып отырамын»,– дейді дизайнер.
Аружан Әбдіқадір, студент:
-Осы колледжге келіп, негізі көп нәрсеге көзім ашылып жатыр. Тәжірибе бізге негізі қазақ дәстүрін ары қарай жалғастыруға қатты көмектеседі деген ойдамын. Ары қарай ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Айдархан «Аspara fashion week» сән апталығының авторы. Оның басқалардан айырмашылығы мұнда тек заманауи үлгідегі ұлттық киімдер көрсетіледі. Бүгінге дейін оған әлемнің 50 елінен 600-ден аса дизайнер қатысқан.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә