Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жігіт сұлтаны-2025» қалалық байқауы өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ұйымдастырған байқаудың ең басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттау, салт-дәстүрін дәріптеу.
Сайысқа Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 8 студент қатысты.
«Жігіт сұлтаны» байқауы колледжіміздің бастамасымен 2020 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі байқауда қалалық колледждерден 8 студент бақ сынаса, олардың өнерін 250-дей көрермен тамашалады.
Олардың қатарында колледжіміздегі «Әжелер клубы», басқа оқу орындарынан келген жанкүйерлер және қазылар мүшелері бар. Жарысқа қазылық етуге қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпионы, күш экстримі бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі Тимур Спатаев сияқты танымал спортшы және басқа да актёр, журналистер атсалысты, — деді Астана қаласы әкімдігінің Сервис және туризм колледжі директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Динара Әбелдинова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екі күнге жоспарланды. Алғашқы күнінде қатысушылар кір тасын көтеру, жүзу, садақ ату және асық ату сияқты спорттық сайыстардан күш сынасты. Ал сайыстың екінші күні қатысушылар бір-бірімен өнер таластырды. Яғни өз ата тегі мен туған жерін таныстырды, сұрақ-жауаптарға жауап берді және өздері жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, ән айту, поэзия оқу, музыкалық аспаптарда ойнау тәрізді бойларындағы басқа да таланттарын көрсетті.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...