• 19-03-2025

«Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

"Барыс" клубының бұрынғы қорғаушысы Томаш Клоучек қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Чехиядағы тау шаңғысы курортында бұрынғы хоккейші Томаш Клоучек электр бағанына соқтығысу салдарынан қаза тапты. Клоучек небәрі 45 жаста еді. Бұл туралы оның жұбайы Барбора Клоучкова 17 наурызда хабарлады.

"Қазіргі сәтте сезініп тұрған қайғымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кеше қайғылы оқиғадан кейін менің күйеуім, менің әлемім, менің махаббатым, балаларымыздың әкесі және сіздердің досыңыз Томаш Клоучек мәңгілікке бізден кетті", – деді Клоучкова.

Томаш Клоучек – Чехиядан шыққан қорғаушы. Ол әсіресе Құрлықтық хоккей лигасындағы "Барыс" және "Лев" командаларындағы ойынымен танымал. Астаналық клуб сапында Клоучек 2008–2011 жылдары өнер көрсетті. Сондай-ақ, Ұлттық хоккей лигасында 141 матч өткізген. Дәлірек айтсақ, ҰХЛ-да "Нью-Йорк Рейнджерс", "Нэшвилл Предаторз" және "Атланта Трэшерз" командаларының құрамында ойнаған.