«Абайлап жүрші»: Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртасқа ескерту жасады (ВИДЕО)
Әнші Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақп ...
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова осыдан 50 жыл бұрын шетелге шыққан сәтін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі 10 жасында Мәскеуге барып, концерт қойған көрінеді.
“4-сынып оқитын кезімнен фото келді. Алдыңғы қатарда тор-тор пальто киіп тұрған мен. Осы кезде Севастополь, Киев қалаларында баянның сүймелдеуімен ән шырқадым. Соғыс ардагерлерінің алдында бір апта концерт қойдық. Кешкісін би алаңына барып, эстрада тобымен бірге Алла Пугачёва және София Ротару апайлардың әнін айтып, билетіп едім. Әттең, ол кезде қазіргідей түсіретін не камера, не телефон болмады”, – деп өкінетінін айтты.
Одан кейін өнер иесі ол кезде шетелге тек үлгілі, өнерлі балалар баратынын да жеткізді.
“Қырымға тек өте жақсы оқитын балаларды алып баратын. Мен тек “5-ке” оқыдым. Алматыға келіп, музыка мектебіне түскесін сабақ жайына қалды. Музыкаға беріліп кеттім. Қобыз, фортепиано, сольфеджио және әдебиеттен ғана “бес” болды”, – деді халық әртісі.
Әнші Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақп ...
Осыдан 96 жыл бұрын (1929) әнші, КСРО және ҚР халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан м ...
Қайрат Нұртас желіде 70 жастағы жанкүйеріне жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Естеріңізге с ...