Мерекеде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 20, 21, 22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ...
19 наурызда еліміздің 13 өңірінде қолайсыз ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні — 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.
Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.