• 19-03-2025

Нью-Йорк кітапханасына қазақтың танымал тұлғаларының кітаптары қойылды

Нью-Йорк кітапханасында (The New YorkPublic Library) белгілі қазақ ақындары мен композиторларының туындылары жарияланған кітаптар мен материалдарды тапсыру рәсімі өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кітаптар мен партитураларды Нью-Йорк кітапханасына беру Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени және білім салалары бойынша байланыстарды одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Іс-шараға Кітапхананың коллекция және зерттеулер жөніндегі директоры Дениз Хибэй, Коллекция мен жаһандық зерттеулерді дамыту жөніндегі директоры Джейсон Бауманн, «Global MusicPartnership» компаниясының негізін қалаушы Владимир Дё мен АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Р.Тлеулин әйгілі қазақ авторларының еңбектерін ұсынды. Олардың арасында Абай Құнанбаевтың, Жабайхан мен Раушан Әбділдиндердің «Abai. Philosopher. Reformer. Humanist» атты зерттеу жұмысы, Ник Филдингтің авторлығымен Шоқан Уәлихановтың таңдамалы еңбектері, сонымен қатар қазақ прозасы мен поэзиясының жинақтары бар.

— Тарих, мәдениет пен әдебиеттің түрлі аспектілерін қамтитын аталған шығармалар америкалықтар үшін Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысудың тамаша мүмкіндігі, — деп атап өтті Дениз Хибэй.

Әсіресе басты назар Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов сияқты ойшылдардың еңбектеріне аударылды. Танымал ақын, философ гуманист бола тұра Абай қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Оның шығармалары Гарвард, Оксфорд сияқты әлемдегі жетекші университеттерде зерделеніп келеді. 1995 жылы ЮНЕСКО оның еңбектерін материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізе отырып, ұлы ойшылдың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін мойындады.

Ғалым, жазушы Шоқан Уәлиханов та елдің ұлттық ерекшелігі мен интеллектуалдық дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Оның еңбектері қазақстандық ойшылдар мен жазушыларды әлі де шабыттандырады

«Global Music Partnership» компаниясының негізін қалаушы Владимир Дё әйгілі қазақстандық композитор Қуат Шілдебаевтың скрипка пен ішекті аспаптарға арналған «Қаракемер» күйі ноталарының партитурасын таныстырды.

Владимир Дё АҚШ-та алғаш рет шығарылған партитураның батыс орындаушыларына репертуарларын музыканың эпикалық орындауға негізделіп, шығармашылық ынтымақтастыққа жетелейтін теңдессіз қазақ фольклорымен толықтыруға мүмкіндік жасап отырғанын атап өтті.

1895 жылы негізі қаланған Нью-Йорк бұқаралық кітапханасы қала бойынша 90-нан астам филиалы бар әлемдегі ірі кітапхана институты саналады.

Кітапхана Қазақстанның білімі мен мәдениет мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін миллиондаған кітаптар, қолжазбалар мен өзге де материалдарды жинақтап отыр.

Жылына бүкіл әлем бойынша миллиондаған зерттеушілер мен студенттерді қабылдайтын кітапхана өзінің бай коллекциясымен танымал және Американың жетекші мәдениет институттарының бірі саналады.

Осыған дейін АҚШ кітапханасына 99 жыл бұрын алынған кітап қайтарылғаны туралы жаздық.