17 наурыздағы саудада доллар аздап төмендеді
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 наурызда сағат 15: 30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-сатты ...
Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласында кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.
Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 17 наурызда сағат 15: 30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-сатты ...