Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
8 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Сол жарыста жерлестеріміздің қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды .
Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалиннің таңдауы мына былғары қолғап шеберлеріне түсті: 48 кг – Назым Қызайбай, 50 кг – Алуа Балқыбекова, 52 кг – Анита Әдішева, 54 кг – Жайна Шекербекова, 57 кг – Карина Ибрагимова, 60 кг – Виктория Графеева, 63 кг – Аида Әбікеева, 66 кг – Жасмин Қизатова, 70 кг – Наталья Богданова, 75 кг – Надежда Рябец, 81 кг – Гүлсая Ержан және +81 кг – Елдана Тәліпова.
Есімдері аталған бұрымдылдардың дені талай дүрмекте ысылған сақа спортшылар. Мәселен, Назым Қызайбайдың екі дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері деген атағы бар. Осыдан төрт жыл бұрын ол Дубайдағы Азия біріншілігінде дараланды. Жасы 31-ден асса да Назым әлі де бабында.
Әр жылдары Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Надежда Рябец Олимпия ойындарында қатысты. Төртжылдықтың басты додасында олардың бағы жанбағанымен, әлем және құрлық чемпионаттарында сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Алуа Балқыбекова дүниежүзілік додада бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрініп, екі рет Азияда алтыннан алқа тақты. Сол секілді басқа да жерлестеріміздің бағындырған белестері бір төбе.
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...
Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 ...
Қазақстандық WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады. Ол WB ...