• 19-03-2025

«Баян үлгі алсын»: Халық әртісі Бибігүл Төлегенова халыққа иіліп, құрмет көрсетті (ВИДЕО)

ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова ел алдына шығып, иіліп құрмет көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

"Баян Мақсатқызына сәлем айтыңдар, аңыз адам Бибігүл анамыздан артық емес шығар”, – деп жазды парақша иесі.

Айта кетейік, Алматыда Қазақстанның әйгілі опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өткен еді. Өнер иесі көрерменге ықыласын білдіріп, бас иіп, алғыс білдірді.

Желі қолданушылары аңыз адамның әрекетіне сүйсініп, жүрекжарды тілектерін білдіріп жатыр.

“Қандай керемет көрініс?!”, “Амандық берсін”, “Баян үлгі алсын”, “Қанша жасқа келсе де, халықтан үлкен емес”, “Орны бөлек тұлға”, – деп жазды көпшілік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ❤️❤️Мой город Аркалык❤️❤️ (@sakebrattt)