Келесі жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі?
2026 жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі түрлері өседі. Республикалық бюджетте көзделген ...
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 694,7 млрд теңгеге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 224,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 470,2 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЕХӘҚМ мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 455 мың адам.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 800 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 96 117 теңге, базалық зейнетақы – 47 683 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды, — делінген мәліметте.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
2026 жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі түрлері өседі. Республикалық бюджетте көзделген ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған «2026 жылдың қаңтар айындағы зейнетақы ...
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйке ...