Енді зейнетақыны тағайындау кезінде жұмыссыз әкелердің декреттік демалысы да ескеріледі
Бүгін тиісті нормалар қабылданды. Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек ...
Депутат идеологиялық тәрбие жұмысын күшейту керек деген пікірде.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қоғамда 30 жылда кеткен кемшіліктерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ендігі сөзімді жеткен жетістіктерге емес, 30 жылда кеткен кемістіктерге бұрғым келеді. Өйткені біз оған бүгін назар аудармасақ, ол ертеңімізге апат болып келуі әбден мүмкін. Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамы өте үлкен жылдамдықпен рухани дағдарысқа ұшырап барады. Күн сайын еліміздің әр түпкірінде бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, бір адам кісі қолынан қаза тауып, біреу пара алып, біреу өзіне қол жұмсап, біреу алаяққа жем болып жатады. Мұндай мысалдар таусылмайды. Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті", — деді депутат.
Зайытов қоғамның қатыгез бола бастауына көптеген себеп әсер еткенін айтты. Олардың қатарында тұрмыстағы таршылық, тәрбиенің жоқтығы, жеткіншектерге үлгі болатын тұлғалардың құбыжыққа айналуы, материалды байлықтың бірінші орынға шығуы, әлеуметтік желідегі белгілі тұлғалардан бастап әртүрлі дін мен ұлт өкілдерінің өзара ашық соғысы бар.
"Өзімшілдік пен менмендік қоғамның басты індеті болып тұр. Бүгін ойланбасақ, ертең кеш болмақ. Сондықтан, кешіктірмей идеологиялық тәрбие жұмысын күшейтуді бастау керек. Тәрбие тал бесіктен дегендей Қазақстандағы мультфильмнен киноға, балабақшадағы тақпақтан романдарға дейін адамдардың бойындағы мейірім мен бауырмалдықты, мемлекетшілдік пен әділдікті насихаттауы керек. Сонда ғана біз Қазақ мемлекетінің байрағын құлатпай, мәртебесін асқақтататын ұрпақ өсіре аламыз. Қазақ мемлекетінің материалдық емес құндылықтарын қайта түгендеп, оны жастардың санасына сіңіру – біздің міндетіміз", — деді мәжілісмен.
Осыны айтқан Ринат Зайытов Мәжіліс қабырғасындағы сөзін бір шумақ өлеңмен аяқтады.
Бүгін тиісті нормалар қабылданды. Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек ...
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Қазақстанда жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері көбейіп жатыр, 2015 жылы елімізде 1,2 млн ШОБ субъектісі болса, бы ...