Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Алматыда бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі
Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды. Іс-шара еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Өзбекстан Республикасы Мәдениет және өнерді дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мүзейіндегі экспозицияға 74 туынды қойылды. Олар суретшінің ерекше стилін, шығармашылық мұрасын және ұлттық кескіндеменің дамуына қосқан үлесін айшықтайды. Іс-шараға Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева және екі елдің өнер қайраткерлері қатысты. Өз сөзінде Аида Балаева Орал Тансықбаевтың өнері екі ел халқын жақындастырып, сан ғасырлық достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосқанын айтты. «Орал Таңсықбаев Әбілхан Қастеевпен бір жылда дүниеге келгенін, екі азамат та өз елдерінде ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасуына ықпал етті. Олардың шығармашылығы – туған жеріне, халқына, табиғатына деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі»,-деді. Саида Мирзиёева көрменің ұйымдастырылуына ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалог пен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Айта кетейік, Өзбекстан Ұлттық балетінің гастрольдері мен Орал Таңсықбаев көрмесі Астанада да өтеді.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...