
Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева көп жылдар бойы құлдықта болған қос қыздың тағдырына алаңдатушылық білдірді.
Ол қазіргі таңда қыздарға қарап отырған әйелдің ұнамайтынын ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Талай жылдар бойы құлдықта болған , осы екі арудың 12- де бір гүлі ашылмай қойды -ау …. Анажолы @ruslan_utepbai арнайы барып , жағдайларын сұрап , арықтап кетіпсіңдер деп алаңдап отырғанын білдірген.
Сұхбат барысында мынау әйел , ұнамады маған…. Суайт сияқты көрінді …. Русланда қоймай , алайда бұлай сұрады негізі қыздардан …. Енді міне, ашық түрде бойжеткен қыздардың етегін ашып, дарақыланып құпиясын шашып отыр, дүйім жұрт алдында…. Не айтамыз ??
P.s. Шіркін- ай , бұл уйге жасырын камера қойса ғой….. Что происходит за закрытыми дверями??», — деп жазды ол.
Әншінің бұл пікірімен желі қолданушылары да келіскен. Олар қыздарға қарап отырған әйелді тексеру қажеттігін талап етті.

