Жағаұстатар жайт: Түркістанда 9-сынып оқушысы жүрек тұсынан соққы алып, қайтыс болды
Түркістанда 15 жастағы оқушы аяусыз соққыға жығылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мән-жайы ...
Қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыс нәтижелері айтарлықтай .
ІІМ кинологиялық бөліністерінің қызметкерлері "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында елдің барлық аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жүргізуге қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- Солтүстік Қазақстан облысында жүргізушісі күдік туғызған автокөлік тоқтатылды. Виола лақап атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, көлік құралын тексеру барысында салмағы 30 грамнан асатын мефедрон есірткі заты табылды. Ұсталған адам есірткі жасырушысы болып шықты. Тағы бір оқиға республикалық маңызы бар Алматы — Астана автожолында орын алды. Онда полиция қызметкерлері тексеру үшін көлік құралын тоқтатты. Тексеру барысында Тея қызметтік итінің көмегімен жалпы салмағы 11 килограмнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің кинологиялық қызмет басқармасының бастығы Алмас Күнтуов.
2025 жылдың екі айында ғана олардың көмегімен 100-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, 600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. ІІМ-нің кинологиялық бөліністері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруда.
Түркістанда 15 жастағы оқушы аяусыз соққыға жығылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мән-жайы ...
Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны" туралы ақп ...
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ведомство мәлім ...