Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ҚР Әзербайджандағы елшілігінің көмегімен Қазақстан азаматшасын заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды.
2025 жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...