Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Нығматулиндер әулетінің үлкені Арғын Нығматулин Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалғанға дейін-ақ кетіп қалған , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді.
Біз оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін-ақ ол елден кеткен, – деді Құрақбаев Сенаттағы брифингте.
Айта кетейік, 3 наурыз күні Арғын Нығматулиннің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұранысы бойынша іздеуде екені хабарланды. Кейін бұл ақпаратты Бас прокуратура растады. Ол мемлекеттік қаражатты жымқыру бойынша күдікке ілінген.
6 наурызда Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев Арғын Нығматулиннің халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді.
19 наурызда оның ісі Бас прокуратураға 2024 жылдың желтоқсанында-ақ берілгені белгілі болды.
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...