"100 пайыз өзгердім" деген зілтемірші Алмас Өтешов басшылық қызметке тағайындалды
Әуелгіде ол допинг дауынан соң, өзін жоғалтып, қаржылық қиындыққа тап болған еді. Кейіннен туған жері Қызыло ...
Антикор Айбол Құлбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Алматы облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Айбол Құлбаев жемқорлық ісінде қорғалуға құқығы бар куәгер мәртебесіне ие. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл іс бойынша бізге сұрау келіп түсті. Іс ведомствоға қатысты тергеліп жатыр, Құлбаев ол уақытта сол жерде жетекші болған. Оның ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Біз бұл ақпаратты растамаймыз. Ол мекеменің басқа қызметкерлері сияқты тергеу әрекеттеріне қатысып жатыр. Біз жемқорлық ісін тергеу жатырмыз. Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешім қабылданады", — деді ол Сенат кулуарында.
Дархан Құрақбаевтың сөзінше, Айбол Құлбаев іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер болып қатысып жатыр.
Әуелгіде ол допинг дауынан соң, өзін жоғалтып, қаржылық қиындыққа тап болған еді. Кейіннен туған жері Қызыло ...
Спорт саласында 1,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Бұл қаржы қажетсіз іс-шараларға, заңсыз қосылған жалақы үстемақы ...
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондон өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жо ...