• 27-03-2025

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Сот ашық өтіп жатыр .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Антикор өкілінен бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановтың ісін тергеу қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

"Істі тергеу аяқталды. Қожағапанов мердігер ұйымның басшысымен бірге сотқа берілді, сот қарауы жалғасып жатыр. Іс аса ірі көлемде қаражат жымқыруға қатысты. Сот жүріп жатыр, аяқталу сатысында тұр", — деп жауап берді Дархан Құрақбаев Сенат кулуарында.

Журналистер Қожағапановқа қандай жаза тағайындалуы мүмкін нақтылады.

"Қателеспесем, тағылған айыптың санкциясы бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін жаза көзделуі мүмкін. Бірақ та, сот барлық мән-жайды ескере отырып шешім қабылдайтын болады. Сот ашық өтіп жатыр", — деді Антикор төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, өткен жылдың наурыз айында Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталғанын жазғанбыз. Кейін оның не үшін ұсталғаны анықталды.