• 21-03-2025

Алматыда 1 000 бала бір уақытта күй орындады

Жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындады.

Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

20 наурыз күні сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, домбырада күйлер орындады.

Ұлттық киім киген жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындап, қаланың көшелерін қазақтың күйімен тербетті. Челлендждің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау. Музыкалық флешмоб еліміздің әр қаласын ұлттық аспаптың күмбірімен біріктіріп, жас домбырашылардың дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін көрсетті.