Дариян ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатыр
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
«Домбыра үні» республикалық челленджіне Павлодар қаласының жастары да белсене қатысты, деп хабарлайды 24KZ. Аманжол Шәмкенов атындағы лицей-мектебінде 120 домбырашы бір мезетте Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Дәулеткерейдің «Көроғлы», Құрманғазының «Сарыарқа» және халық күйі «Тепең көк» секілді шығармаларды орындады.
«Домбыра үні» республикалық челленджі қазақтың қасиетті саз аспабы қара домбыраның құндылығын одан әрі арттыра түскендей. Жастар ата-бабамыздан мұра болған төл аспапта күй тартып қана қоймай, ұмытыла бастаған ортекені қайта жаңғыртып, билетті.
Наурыз мерекесі қарсаңында өткен домбырашылар челленджіне мектеп оқушыларымен қатар музыкалық колледждің студенттері де қатысты.
Ғабиден Мейірханов, музыкалық колледждің студенті:
- Осы челлендждің мақсаты – негізі бұл балалардың, жастардың, ата-аналардың, мұғалімдердің осы домбыраға қызықтыру негізі және домбыраны танымал ету. Ал ең басты мақсат – ол осы мәдениетті ары қарай жалғастыру және насихаттау.
Мұндай челлендж осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар мұның өскелең ұрпақты өнерге баулып, мәдени орта қалыптастырудың таптырмас құралы екенін айтады.
Серік Сыздықов, Павлодар музыкалық кешенінің басшысы:
- Бұл челлендждің мақсаты – ұлттық құндылығымыз, ұлттық музыка аспабымыз домбыраны насихаттау. Ол домбыра –қазақтың болмысымен біте қайнасқан аспап. Сондықтан бүгін, өздеріңіз білетіндей, барлық білім ордасында жүзеге асырылып жатқан біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында осы өзіміздің ұлттық аспаптарды меңгеру, ұлттық құндылықтарды бағалау сияқты тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында қара домбыраның шанағынан төгілген күй мерекенің ажарын аша түсті. Бір сәтте қолына домбыра алған 120 баланың бастамасын облыстың өзге мектептері де жалғастырмақ.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжік ...
Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық магистранттар, Тәжікстан, Қырғыз ...