Трамп пен Зеленскийдің не туралы сөйлескені белгілі болды
Қос тарап келіссөздің жақсы өткенін айтып отыр. Украина президенті Владимир Зеленский америкалық әріптесі До ...
АҚШ президенті мұны Иранның рухани көсемі Әли Хаменеиге жолдаған хатында жазған.
Бұл туралы Axios агенттігі америкалық шенеунікке және хатпен таныс екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дональд Трамп 7 наурыз күні Fox Business Network арнасына берген сұхбатында Әли Хаменеиге хат жолдағанын айтқан еді.
Хатпен таныс дереккөздердің сөзінше, хат мәтіні "қатаң" жазылған. Егер Иран бастаманы елемесе және ядролық бағдарламасын жалғастырса, оның салдары қиын болатыны ескертілген.
Хабарлама Трамптың соғыс іздемейтіндігі және тек Тегеранның ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз етуді қалайтыны туралы ашық мәлімдемелеріне сәйкес келетіндей.
Хаменеи хатты Тегеранда қабылданғаннан кейінгі алғашқы сөзінде Иранның ешқашан ядролық бомба жасау ниеті болмағанын, әйтпегенде оны әлдеқашан жасап шығаратынын айтты.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) соңғы есебінде Иранның қару-жараққа жарамды уран қорына алаңдаушылық білдірген. МАГАТЭ мәліметінше, 60%-ға дейін байытылған уран қоры 90%-ға байытылған жағдайда алты ядролық бомба жасауға жеткілікті.
Jerusalem Post басылымы Еуропа елдері де Иранға хабарлама жолдағанын мәлімдеді. Егер маусым-шілде айларында келісім болмаса, Иранға айтарлықтай санкциялар енгізілмек.
Осы аптаның басында Иран Сыртқы істер министрлігі хат әлі де қаралғанын және оған жауап дайындалып жатқанын хабарлады.
Әзірге Тегеранның ресми ұстанымы белгілі. Олар Ислам Республикасына қарсы қатаң санкцияларды қамтитын қысым науқаны әрекет етіп жатқан кезде Трамп әкімшілігімен ынтымақтасуға дайын емес.
Айта кетейік, екінші президенттік мерзіміне келген соң Трамп Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу үшін оған қарсы "максималды қысым" науқанын қайта бастады.
Қос тарап келіссөздің жақсы өткенін айтып отыр. Украина президенті Владимир Зеленский америкалық әріптесі До ...
ІІМ мопедтерді тіркеу қажет екенін ескертті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ведомство мәліметін ...
Жолаушыларға жолға шығарда абай болуды ескертеміз . 16 наурызда Қазақстанның 13 облысы мен елордада жауын-шашы ...