Дариян ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатыр
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық магистранттар, Тәжікстан, Қырғызстан және Франция әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Бұл күні оқытушылар мен магистранттар әскери киімдерін ұлттық киімге ауыстырды. Наурыз мейрамының құрметіне қызметте көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті.
Наурыз – тарихы тереңде жатқан мереке. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырып, жаңа мәнге ие болды. Бұл салт-дәстүрлерді, ырыс-ынтымақты, тазалық пен шынайы қуанышты жаңғырту мерекесі, – деді құттықтау сөзінде Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Іс-шараға қатысушылар "қыз ұзату" дәстүрінің мәнін ашатын театрландырылған қойылымды тамашалады. Бұдан басқа, садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Қазақ халқының тарихы мен ежелгі дәстүрлерімен байланысты Наурыз мерекесін алғаш рет көрдім. Ұлттық тағамдар, жарыстар, салт-дәстүрлер – мұның бәрі қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін, мәдениетін білдіретін жарқын ерекше мереке екен, – деп алған әскерін айтты Франциядан келген майор Винсент Булкаен.
Мерекелік дастархан басында іс-шараға қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, Қыдыр ата ақ батасын берді. Жиылған көпшілікке амандық, мол бақыт пен бақ-береке тіледі.
Ұлыстың ұлы күні Оралдан 25 шақырым қашықтағы Дариян ауылында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп , қолөнер туындыла ...
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжік ...
Наурыз – тек көктем мерекесі ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақты күшейтетін маңызды әлеуметтік және ...