"100 пайыз өзгердім" деген зілтемірші Алмас Өтешов басшылық қызметке тағайындалды
Әуелгіде ол допинг дауынан соң, өзін жоғалтып, қаржылық қиындыққа тап болған еді. Кейіннен туған жері Қызыло ...
Абай облысында алғаш рет дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында «Abay Open» турнирі өтті. Екі күнге созылған сайысқа еліміздің үш қаласы мен барлық облыстарынан 350-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорттық додада республиканың әр аймағынан іріктелген балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде спортшыларға сәттілік тілеп, дзюдо күресін жастар арасында дамытудың маңызын атап өтті.
Өңірімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келеді. Аймақ спортшылары Қазақстан чемпионатында топ жарып, Азия және ел чемпионатында ел намысын абыроймен қорғауда. 2025 жылы Қазақстан чемпионатының Семей қаласында өтетінін зор қуанышпен атап өткім келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Біздің мақсатымыз — дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткізіп, еліміздің үздік дзюдошыларына әділ әрі тартысты жарыс ұйымдастыру,- деді облыс әкімі.
Шара барысында елімізде дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Айдар Қайырбаев пен Виталий Сопов «Дзюдо тарланы» төсбелгісі және Қазақстан дзюдо федерациясының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, облыс әкімі турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
Айта кетсек, облыс дюздошылары соңғы жылдары табысты өнер көрсетіп жүр. Биыл Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы екі алтын, үш күміс, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді.
Әуелгіде ол допинг дауынан соң, өзін жоғалтып, қаржылық қиындыққа тап болған еді. Кейіннен туған жері Қызыло ...
Спорт саласында 1,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Бұл қаржы қажетсіз іс-шараларға, заңсыз қосылған жалақы үстемақы ...
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондон өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жо ...