Korea-Kazakhstan апталығы: Мәдениет пен бизнес бір арнада тоғыспақ
Бұл туралы Корея мәдениет орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды, El.kz интернет порталы. Алдағы ...
2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай "Тәтті кәде-сый" атты ерекше акция өтеді.
Шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы, шекаралық бақылау қызметі мен "Жетісу" кеден бекеті бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мақсаты – Алматыға келген шетелдік туристерге ұлттық мерекенің ерекше атмосферасын сезіндіру, қазақ халқының қонақжайлығын көрсету және елдің мәдени мұрасын таныстыру. Акция барысында 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға ерекше сый-құрмет көрсетіледі.
Туристерге қандай сый әзірленді?
Алматыға ұшып келген шетелдік жолаушылар паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймағында ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәтті кәде-сый алады.
Бұл бастама Алматыға келген қонақтарда қала туралы жылы әсер қалдырып, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
Бұл туралы Корея мәдениет орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды, El.kz интернет порталы. Алдағы ...
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабыл ...
Алматы қаласында рұқсатсыз жүргізілген құрылыс жұмыстарына бақылау күшейтілуде. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмас ...