2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстан ұлттық құрамасының Азия құрлығындағы ең үздік ұлттық федерация деп танылғанын Азия бокс конфедерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ниште жалауын желбіреткен жарыста Азия елдері арасынан Қазақстан, Солтүстік Корея (КХДР) және Қытай ғана алтын медальға ие болды. Ел құрамасы үш бірдей алтын медаль еншілесе, КХДР мен Қытай өкілдері бір реттен өз елінің әнұранын шырқатты.
Назым Қызайбайдың бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары тарихында өзінің үшінші алтын жүлдесін жеңіп алғаны Қазақстан үшін тарихи жеңіс саналды.
Ал КХДР боксшысы Пан Чхоль Ми 2018 жылғы жеңісінен кейін екінші мәрте әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Азиядан Таиланд пен Өзбекстанның да боксшылары ақтық кезеңге дейін жетті. Бірақ, қос елдің былғары қолғап шеберлері күміс медальді місе тұтты. Вьетнам елі бір қола жүлдемен медальдық есепте үздік шыққан алтыншы азиялық ел ретінде тіркелді.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...