Мемлекеттік кеңесші конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді
Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдер ...
Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жиында Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы қаралды.
Отырыста Кешенді жоспарды жүзеге асыруға қатысты қабылданған шаралар туралы Қаржылық мониторинг агенттігі, Жоғары аудиторлық палата, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қаржы министрлігі басшылығының баяндамалары тыңдалды.
Мемлекеттік кеңесші Кешенді жоспардың тиісті тармақтарын сапалы орындаудың маңыздылығына назар аударды.
Сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде талдамалық жұмысты күшейтудің өзектілігіне тоқталды.
Комиссия талқылау қорытындысын ескере отырып, нақты ұсыныстар әзірледі.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді. Тапсырмалардың орындалу барысы бақылауға алынды.
Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдер ...
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атын ...
Қазақ халқының ұлттық ән-күйі мен фольклорлық мұрасы, әлемдік платформаға жүктелді. Астанада Мемл ...