Павлодарда мектептерде тарих апталығы өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері әскери бөліммен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл еңбеккері Виктор Васильевич Алеутдиновты туған күнімен құттықтауға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Соғыс жылдарындағы ерлігі мен тылдағы еңбегі үшін құрмет пен алғыс ретінде қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Виктор Васильевичке полковник шенін беру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ұсыныс жолданған.
Біз Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне оған полковник шенін беру туралы ұсыныс жолдадық. Ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге келдік. Олардың ұрпақ үшін жасаған барлық істері, бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін алғысымызды білдіреміз, — деді әділет подполковнигі, білім және ғылым департаменті оқу-ағарту жұмысы басқармасының бастығы Вадим Шрейдер.
Сондай-ақ ол ардагерлермен байланыста болу және олардың рухына құрметпен қараудың маңыздылығы жайлы еске салды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Думан Қыдырмоллаев, полковник, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары ...
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсінікт ...