Instagram желіcінің қазақстандық сегментінде Ay Yola башқұрт музыкалық тобының Homay атты әні кеңінен таныла бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Башқұрттық Ay Yola тобының Homay әні небәрі 24 сағат ішінде қазақстандық желі қолданушылары арасында таралып, қызу талқыланып жатыр. Ән желідегілердің оң пікіріне ие болды.
Композицияның атауы башқұрттың "Орал батыр" эпосындағы мифтік Хомай құсының бейнесімен байланысты. Бұл бейнені көпшілік көне түркі мифологиясындағы Ұмай анамен де байланыстырады. Ұмай түркітілдес халықтардың көпшілігінің этнографиясында кездеседі.
Қазақстандық желі қолданушылары әннің ерекше стиліне, әуезділігі мен әсерлі ырғағына тәнті болғанын жасырмады.
"Ән шынымен де әрбір түркі өкілінің бойындағы тамырдың үнін оятып жібергендей. Түркі елдерінде көптің жүрегінде жаңғырған әннің сыры осында сияқты көрінеді маған", "Қандай рухты ән, "Түркілер, жарайсыңдар!" "Башқұрт, қазақ бір туған", "Ән топ! Түркілердің ана тілінде ән шырқауы қуантады", "Енді бұл ән барлық түркілердің әнқоржынында жүреді", "Қазақстан сіздермен бірге!" деген жалынды сөздерін арнады желіде пікір қалдырғандар.
Ay Yola тобының әншілері қазақстандықтардың жылы сөздеріне алғыс білдіріп, оларға арнайы әннің қазақ тіліндегі аудармасын жарялады.
"Қазақстан, қолдау көрсеткендеріңізге рақмет. Бұл бейнежазбаны сіздер үшін арнайы жасадық", — деді Ay Yola тобының өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от AY YOLA | Музыка & Эпос (@ayyola.music)
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
«Сақалды ненің құрметіне қойдың?»: Желіде ер адамның кәсіби макияж жасатқан видеосы тарады
24.03 -
-
-
-