Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Бүгін сағат 08:00- дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы) көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы) жол жабық.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Компания мәліметінше, қазіргі уақытты республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылған.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...
Атырау облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу ен ...